Алматыда коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған 798 адам анықталды

977

Олар медициналық мекемелерге жеткізілді.

Алматыда коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған 798 адам анықталды

Алматыда коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған 798 адам анықталып, медициналық мекемелерге жеткізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында болған брифингте Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов хабарлады. 

"Инфекцияға жұқтырғандарға қатысты болған тұлғалар іздестірілуде. Қазіргі кезде осындай 798 азамат анықталды. Олар медициналық мекемелерге жеткізілді. 19 наурыз сағат 00:00-ден бастап Алматы қаласында карантин режимі енгізіледі. Оның басты мақсаты қаланың сыртын бақылауға алып, қаланың ішінде карантин режимін қатаң қадағалау арқылы инфекцияның таралуын тоқтату. Қаланың 10 магистральді жолдары мен кіре берістерінде 27 блок пост қойылады. Сонымен қатар полиция департаментінде колл-орталық болады. Оның нөмірі 254-40-07. Бұл телефондар бойынша қоңырау шалғандарға жедел жауап беріледі. Қабылданып жатқан шараларға түсіністік танытуды сұраймыз", – деді Қанат Таймерденов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу