Алматыда құрылыс алаңында кран құлап, бір адам көз жұмды

147

Қайғылы оқиға Сәтпаев көшесі, 90/2 мекенжайында тіркелген. 

Алматыда құрылыс алаңында кран құлап, бір адам көз жұмды Фото: Алматы ТЖД

Алматы қаласында құрылыс жұмыстары жүріп жатқан аумақта мұнара краны құлап, бір адамның өмірі қиылды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, "112" шұғыл желісіне полиция қызметінен құрылыс алаңында мұнара кранының құлағаны және бір адамның қаза тапқаны туралы хабарлама түскен.

"Оқиға орнына бірден өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мамандары мен қаланың жедел әрекет ету қызметтері жіберілді", – делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу