Алматыда құтқарушыларға арналған аллея ашылды

1272

Осыған орай Төтенше жағдайлар департаменті 600-ден астам  ағаш отырғызды.

Алматыда құтқарушыларға арналған аллея ашылды

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті 600-ден астам  ағаш отырғызды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Алматы гарнизонының тарихында алғаш рет ТЖД құтқарушыларына арналған аллеясы пайда болды. 

Аталған мақсатқа жалпы аумағы 0,4 гектар аумақ бөлінді. Құтқарушылар аллеясы Есентай өзені мен Мұқанов көшелерінің ортасында Бөгенбай батыр көшесінің бойында орналасқан. Мұнда Құтқарушылар күніне арналған ескертіш орнату жоспарланған.  

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында барлығы 100 түп ағаш пен 500 түп бұта отырғызылды. Аумақты негізінен жапырақты ағаштардың қызыл үйеңкі, шырша тәріздес түрлері мен сәндік бұталар безендіріп тұр. Скверде  жаяу  жүргіншілер жолы салынады, орындықтар қойылып, көгалдандырылды, енді келушілерге барлық жағдайлар жасалатын болады.  

"Алдағы жылдары отырғызылған көшеттерді суаруға және профилактикалық  өңдеулер жасау үшін кешенді күтім жүргізу қарастырылған. Қалалық ТЖД  аталған шараларға белсене  қатысуда. Осындай аллея құру қаламыздың гүлденіп, көркеюіне өз үлесін қосады. Ағаш отырғызу және акция өткізу барысында  санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына ерекше назар аударылды", – деп хабарлады департамент. 

Орта есеппен Қаланың құтқарушылары жылына 3 мыңнан астам шақыртуларға жұмылдырылады. Мәселен, апат болған жерде 500-ден астам адам құтқарылады және 1000-нан астам адам қауіпсіз жерге эвакуацияланады.

Төтенше жағдайларға күн сайын 200 ден астам адам, 81 бірлік техника  2 авиаборт жедел ден қою үшін дайын тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу