Алматыда мас жүргізуші куәлігінен өмір бойына айырылды

924

Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Алматыда мас жүргізуші куәлігінен өмір бойына айырылды

Аюпов Ш. есімді азаматты алғаш рет полиция 2019 жылдың маусым айында ұстаған.  Сот шешімімен көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған ол, мас күйінде рөлге қайта отырды.  Содан кейін, Әуезов аудандық сотының шешімімен жүргізуші ҚР ҚК-нің 346 бабы 1 бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.  Сот оған көлік құралдарын басқару құқығынан 3 жылға айыра отырып, 100 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жаза тағайындады.

 "Болған оқиғадан сабақ алмаған және өзі үшін тиісті қорытынды шығармаған автокөлік жүргізушісін патрульдік полиция қызметкерлері 2020 жылы 9 желтоқсанда мас күйінде көлік құралын басқарған кезде ұстады. Ол 2021 жылы 3 ақпанда Әуезов аудандық сотының шешімімен ол ҚР ҚК-нің 346 бабы, 1 бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, оған 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру және өмір бойы  көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды", - деп хабарлады Полиция  департаменті Анықтау басқармасының бастығы, полиция майоры Олжас Шәріпов.

 Сонымен қатар, ол бірдей жағдайлардағы екі сот шешімінің айырмашылығы неде екенін түсіндірді.

 "Өткен жылдың қаңтарынан бастап қылмыстық заңнамаға өзгертулер енгізілді, онда кез келген мас күйінде жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін қылмыскерлердің жауапкершілігі күшейтілді.  Егер бұрын олар осындай нәрсе үшін қоғамдық жұмыстарға  қатысса, енді құқық бұзушылар қоғамнан оқшауланып, белгілі мерзімге немесе өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылады", - деді майор Шәріпов.

Айта кететіні Заң күшіне енген сәттен бастап Алматыда 63 жүргізуші сот арқылы көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу