Алматы метросы техникалық ақауға байланысты уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Алматы метрополитені баспасөз қызметінің мәліметінше, техникалық себептерге байланысты Райымбек станциясынан Момышұлы стансасына қарай бет алған жолаушылар Мәскеу бекетінде түсірілді.
"Мамандар барлық ақауды жойды. Алматы метросының жұмысы сағат 18:05-те қайта жанданды. Пойыздар кесте бойынша жүреді. Келтірілген қолайсыздықтар үшін тағы да кешірім сұраймыз", — деп атап өтті метрополитенен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу