Алматыда мопед жүргізушісі жүк көлігімен соқтығысып қаза тапты

510

Жол апаты Б. Момышұлы көшесінде болған. 

Алматыда мопед жүргізушісі жүк көлігімен соқтығысып қаза тапты Фото: видео скриншот

Алматыда КамАЗ мопед айдаған 22 жастағы жігітті қағып кетті. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қалалық полиция департаменті адам өліміне әкелген жол-көлік апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"22 жастағы мопед жүргізушісі "Ивеко" маркалы жүк көлігімен соқтығысу салдарынан қаза тапты. Сараптама тағайындалды", — деп атап өтті Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу