Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, электросамокат жүргізушісінің жеке басы анықталып жатыр.
Ол Сейфуллин даңғылының бойымен солтүстікке қарай келе жатқан.
Кейін солға – Политехническая көшесіне бұрыла бергенде Сейфулин даңғылының бойымен оңтүстік бағытта қозғалып келе жатқан мотоциклға соғылды.
Салдарынан самокат жүргізушісі қайтыс болды, 1994 жылы туған мотоциклші қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды.
"Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.Тиісті сараптамалар тағайындалды",- деп хабарлады ведомстводан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу