"Біздің ауданда қаланың көрнекі орындарына айналысуы тиіс қалалық маңызы бар екі көрнекті нысан бар. Өкінішке орай, олар қазір ешкімге керексіз әрі қалған өткеннің қара дағындай. Аудан әкіміне Никольский базарын қалдырғаны үшін рахмет. Оның жеке иесі кім, соны анықтау қажет.
Менің ұсынысым бар: бұл нысанды иесіз деп тану керек. Өйткені ол көптеген жылдар бойы қаңырап бос тұр немесе меншік иесімен сөйлеспі, оның дұрыс базар жасауы үшін келіссөздер жүргізу қажет. Әлемде кәсіпкерлер азық-түлікті тұрғындар үшін қалыпты бағамен сататын және сауда және тамақтану орындарынан ақша табатын базарлар көп", – деді шаһар тұрғыны.
Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі көтерген екінші мәселе - трамвай депосының ғимаратына қатысты болды.
"Әкім Бауыржан Байбек тұжырымдаманың ашық конкурсын өткізді, әкім Бақытжан Сағынтаев жабық "жекешелендіргішке" айналдырды, қоғамдық ғимараттың орнына сауда орталығының ұсқынсыз жобасын жасады. Бұл жобаны қазір құрылыс басқармасы жүзеге асыруға тырысуда. Менің әкім Ерболат Досаевқа өтінішім – тұжырымдаманы қайтадан көпшіліктің жария талқылауына шығарсын. Егер бұл тұжырымдама қала тұрғындарына ұнамаса, онда жаңа конкурс өткізу керек", – деді алматылық.
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аталған ұсыныстарды қолдайтынын жеткізді.
"Мен сіздің ұсынысыңызлы қолдаймын. Расында да қалада көрнек орындар аз. Біз Кеңес Одағынан қалған тарихи өткенді мақтан тұтамыз, оны қайта жаңартуға, модернизациялауға тырысамыз. Никольский базары бойынша- мұнда мен үшін саяси мәселе жоқ. Бүгінде оған иелік ететін адамдар бар. Тиісінше, сот істері болады, оның қорытындысы бойынша осы активпен не істеу керектігі туралы шешім қабылданады. Сондай – ақ, "Барыс" базарына да қатысты мәселе бар. Сот шешімдері шыққан, оның активтері қалаға берілді, енді біз мәселені анықтап, шешім қабылдаймыз. Никольский базары да сондай. Мен оларды иесіз деп танып, бір жылдан кейін өзіме ала алмаймын, өйткені қалада ешкім меншік құқығын жойған жоқ. Бірақ қазір болып жатқан процестерге қатысты мәселелер – олар аяқталғаннан кейін біз Никольский базарын қолға алатын боламыз. Бірнеше идеяларымыз бар. Базардың тарихи өткені бар, бірақ соңғы 15-20 жыл ішінде оның имиджі өзгерді. Менің ойымша, оны қалпына келтірудің қажеті жоқ, бірақ ыңғайлы әрі заманауи сауда орындарын жасау керек. Мен меншік иелеріне ұсыныс жасадым", – деді әкім.
Шаһар басшысы депо құрылысына біздің мамандарды ғана емес, шетелдік компаниялар да тартылатынын жеткізді.
"Алматының креативті кеңістігі аясында жұмыс аяқталуда. Мен жасалатын нәрселерді көрдім, байқауымша жақсы болады. Бұл іске біздің мамандарды ғана емес, шетелдік компаниялар да тартылды. Жақында біз бұл жобаны жариялаймыз. Қала жеке инвесторлармен болған әңгімелерден кейін депоны өзіне алады және жақын арада бұл Алматының басты креативті хабына айналады. Мен қоғамдық кеңесте тапсырма беремін-біз жобаны көрсетеміз және айтып береміз. Егер ескертпелер болса, онда оларды жобаға енгіземіз", – деді Досаев.