Алматыда ойын бизнесі үшін салық төмендетілді

1808

Балалардың ойын автоматтарының иелері әрбір аппарат үшін енді ай сайын 22 мың 725 теңге салық төлейтін болады.

Алматыда ойын бизнесі үшін салық төмендетілді

Егер бұған дейін, мысалы, боулинг клубтар әр ойын жолы үшін 106 мың теңгеден салық төлеп келсе, енді бұл 5,5 мың теңгеге дейін азайтылды.

Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласының мәслихаты алматылық кәсіпкерлер үшін "тіркелген салықтың" жаңа ставкаларын бекіткенін хабарлайды.

№330 шешімге сәйкес, ойын автоматтары, ойын жолы (боулинг), бильярд үстелдері үшін салық ставкалары едәуір төмендетілді.

Мәселен, бiр ойыншы ғана ойнай алатын әрбір ұтыссыз ойын автоматы бойынша тіркелген салық 12 АЕК-тен 9 АЕК-ке немесе 25%-ға төмендетілді. Басқаша айтқанда, сауда және ойын-сауық орталықтарында орнатылған балалардың ойын автоматтарының иелері әрбір аппарат үшін ай сайын енді 22 мың 725 теңге ғана салық төлейді.

Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы бойынша бір айдағы салық ставкасы 18 АЕК-тен 13 АЕК-ке немесе 28% кемітілді. Бұларда, мысалы, аэрохоккей үшін оның қожайыны ай сайын 32 мың 825 теңге тіркелген салық төлейді.

Боулинг орталықтарға әр ойын жолы үшін тіркелген салық 42 АЕК-тен 20 АЕК-ке немесе 48%-ға азайтылды.

Әр бильярд үстелі үшін осы салық 25 АЕК-тен 15 АЕК-ке немесе 40%-ға төмендетілді.

"Аталған жеңілдетулер бизнестің қарқынды дамуына және заңсыз бизнестің көлеңкеден шығуына мүмкіндік береді", – деп түсіндірді мемлекеттік кірістер комитеті.

Астана қаласы бойынша тіркелген салық өзгеріссіз (12–77 АЕК аралығында) қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу