Алматыда онлайн-кеңес берулер саны 80%-ға артты

614

Емханалардың call-орталығында 220-дан астам диспетчер жұмыс істейді. 

Алматыда онлайн-кеңес берулер саны 80%-ға артты

Бұл туралы Алматы қаласы Қоғадық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров Денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен кездесуі барысында айтты. 

Оның сөзінше шаhарда эпидемия басталғаннан кейінгі қатаң карантин кезеңінде онлайн-консультациялар саны 80%-ға артқан. 

"Бүгінде емханалардың call-орталығының қызметтеріне 220-дан астам диспетчер тартылған. Бұл телемедицина арқылы науқастың дәрігерге баруын қашықтағы форматқа көшіргеніміздің жақсы көрсеткіші. Осылайша, науқастар өздерінің учаскелік дәрігерлерінің бақылауында. Онлайн-консультациялар дәрігерлердің тұрақты жұмыс режимінің бір бөлігі болды. Менің ойымша, бұл кеңінен қолданылады және постковидтық кезеңде де науқастардың белгілі бір санатына қашықтықтан кеңес алуға болатын қалыпты жағдай болады деп ойлаймын. Бұл науқастың инфекция қаупін азайтып қана қоймай, сонымен қатар науқас үшін де, дәрігердің де ресурстары мен уақытын үнемдейді", – деді Камалжан Надыров.

Денсаулық сақтау министрі Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Алматыдағы №17 қалалық емханада болды. Бұл заманауи көпбейінді мекеме 2010 жылы ашылған. Медициналық ұйым ауысымына 630 адамды қабылдайды. Бүгінде  мұнда 85 000-нан астам азамат тіркелген.

"Емханада халыққа қызмет көрсетуде инновациялық технологиялар үздіксіз енгізілуде. 2011 жылы №17 Қалалық емхана Қазақстанда бірінші болып дәрігерлердің қабылдауына алдын ала жазыла отырып, "кезексіз емханаға" жұмыс режиміне көшті. Емхананың қабаттары бойынша кезекті басқарудың және науқастарды дәрігерлер жұмыс кестесі туралы хабарлауға арналған электрондық жүйелер, Мемлекеттік қызметтерді online режимінде алуды жеңілдету үшін навигациялық жүйелер мен картридерлер орналастырылған. Онда әрбір адам e-gov порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу техникасын үйренеді", - деген басқарма басшысы эпидемияның келесі толқынына емханалар дайындығы туралы сөз қозғады. 

"Айта кету керек, эпидемия шарықтап тұрған кездің өзінде қалада бірде-бір емхана жұмысын тоқтатқан жоқ, олардың барлығы штаттық режимде жұмыс жасады. Медициналық қызметкерлер үшін ЖҚҚ қажетті қорлары сатып алынды, дәрілік заттардың резервтік қоры құрылды. Яғни, бүгінде қалалық емханалардың тұрақты режимде жұмыс істеуі үшін және эпидемияның жаңа өршуі жағдайында жұмыс істеуі үшін қажеттінің бәрі әзірленді және қамтамасыз етілді " – деді  Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы, егер емханаға жүгінген науқасқа толық көлемде медициналық көмек көрсетілмесе немесе ол ауруханаға жатқызу мәселесіне тап болса, бірыңғай медициналық қызметтің call-орталығына, яғни, 3000-505 нөміріне жүгіне алатынын хабарлайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу