Алматыда өрт кезінде тұрғындар терезеден секірген: "Көмекті күтуге болар еді"

473

Министрліктің мәліметінше, автобаспалдақтар болған. 

Алматыда өрт кезінде тұрғындар терезеден секірген: "Көмекті күтуге болар еді" Фото: ҚР ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Алматыда өрт шыққан "Ақкент" тұрғын үй кешені тұрғындарының терезеден секіру әрекетіне қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz.

"Автобаспалдақтар бар. Біз 16-шы қабаттан адамдарды эвакуациялауға көмектесетін үш автобаспалдақты шоғырландырдық. Біздің бөлімшелер 8 минут ішінде келіп, талаптарға сай жұмыс істеді. Адамдардың секіргені –асығыс жасалған шара, олар дүрбелеңге салынды", - деді министр Үкімет кулуарында.

Оның сөзінше, тұрғындар секірген соң артынан іле-шала төтенше жағдай мамандары пәтерлерге кіріп, адамдарды эвакуациялаған.

"Балконға шығып, түтін кірмес үшін есікті жауып, күте тұруға болар еді. Басқа адамдар сияқты құтқарушылардың көмегін күту керек еді", - деді ведомство басшысы.

Бұдан бөлек Сырым Шәріпханов келесі жылдан бастап министрлік ғимараттарды құрылыс алдында тексеру жүргізуге қатысатынын да айтты.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыдағы "Ақкент" тұрғын үй кешенінде өрт шыққанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу