Алматыдағы "Ақкент" тұрғын үй кешеніндегі өрт кезінде амалы қалмаған тұрғындар балаларды терезеден төсенішке лақтыруға мәжбүр болды.
Жоғары қабаттардағы адамдарды эвакуациялау және құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
ТЖД күшімен баспалдақ арқылы 250-300 адам эвакуацияланды, үш тік саты мен үш автомат саты арқылы 40 адам құтқарылды.
Өрт сағат 18-46-да оқшауланып, көп ұзамай толығымен сөндірілді.
Оқиға орнында қалалық ТЖД күштері мен құралдары сапынан 50 адам және 14 техника жұмыс істеді, оның ішінде 3 автосаты бар.
31 адам, оның ішінде 16 бала ауруханаға жеткізілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу