Алматыда өртенген хостел заңсыз жұмыс істеп келген

Эпидемиологиялық талаптардың 23-тармағына сәйкес жертөле және жертөле қабаттарында мұндай нысан ашуға санитарлық-тыйым салынады. 

Алматыда өртенген хостел заңсыз жұмыс істеп келген  Фото: inbusiness.kz

Алматыда хостел аумағында болған өртке қатысты тың деректер белгілі болды. Бұл нысан бір жарым ай бұрын хостелге ашылып, оның алаңы 457 шаршы метрді құраған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ғимараттың иесі - "КУСА Халык" ЖШС. Жалға алушы – "ALA Hostel" ЖШС, жалдау жөніндегі келісім шарт 21.09.2023 жылы жасалған. Жер учаскесінің нысаналы мақсаты: дүкенді пайдалану және қызмет көрсету үшін", – деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Айта кетерлігі, "ҚР-дағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, үй-жайларды қайта жабдықтау кезінде рұқсат құжаттарын алу керек. Оның үстіне, Алматының қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы қайта жабдықтауға арналған бастапқы рұқсат құжаттарын (АПЗ, шешім) бермеген.

Дүкеннен хостелге функционалдық мақсаты өзгерген кезде санитарлық-эпидемиологиялық, құрылыс талаптары мен өрт қауіпсіздігі ережелерін орындауы қажет.

"Хостелді жертөле және жертөле қабаттарында орналастыруға санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың 23-тармағына сәйкес тыйым салынады. Осылайша, жоғарыда аталған мекенжай бойынша хостел санитарлық-эпидемиологиялық, құрылыс талаптары мен өрт қауіпсіздігі ережелерін бұза отырып, заңсыз орналасқан", – деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Еске сала кетсек, 30 қараша күні шамамен таңғы сағат 5.33-те Әди Шәріпов көшесі, 86 мекенжайындағы "Almaty Hostel" хостелінің жертөлесінен өрт шығып, 13 адам қайтыс болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу