Алматыда өрттен 2 бала қайтыс болды

1401

Оқиға Талғар аулданы Үштемір ауылында орын алған. Өрт сөндірушілер 35 километр қашықтықтан жетемін дегенше, үй күлге айналған.

Алматыда өрттен 2 бала қайтыс болды

Алматы облысында жеке тұрғын үйде өрт болып, 2 сәби көз жұмды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті хабарлады.

Оқиға Талғар аулданы Үштемір ауылында орын алған. Өрт сөндірушілер 35 километр қашықтықтан жетемін дегенше, үй күлге айналған.

Өртке қарсы қызметке хабарлама 13:16-да түсіпті. Төтенше жағдай қызметкерлері 14:14-шамасында өрттің бетін қайтарып, 14:21-де толық сөндірген.

Құтқарушылар жеткенше көршілер үйден 2 баланы алып шығыпты. Өкінішке қарай, 2016 және 2017 жылғы туған екі сәби ауруханаға жетпей көз жұмды.

Қазір өрт себебі анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу