Алматыда өзіне қол жұмсамақ болған бойжеткеннің оқиғасына полиция пікір білдірді

460

ПД өкілдері интернетте тараған ақпараттың жалған екенін айтты.

Алматыда өзіне қол жұмсамақ болған бойжеткеннің оқиғасына полиция пікір білдірді Фото: polisia.kz

Алматы қалалық полиция департаменті екінші қабаттан секіріп кеткен қыздың өз-өзіне қол жұмсау дерегіне сәйкес қылмыстық істің тоқтатылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Полиция мәліметінше, тергеу Қылмыстық кодекстің екі бабы: 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" және 194-бабы "Бопсалау" бойынша жалғасып жатыр. 

"Тергеу барысында оқиғаның барлық қатысушылары мен куәгерлері анықталды. Басты күдікті белгілі болды. Қазір жан-жақтылық, толықтық және объективтілік қағидаттарын қатаң сақтай отырып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Қызды ұрып-соғып жатқан бейнеге қатысты тергеу анықтағандай, оқиға 2022 жылдың желтоқсанында Шымкент қаласында күдікті мен оның танысының қатысуымен болған.

"Алайда бұл дерек бойынша полицияға шағымдар түскен жоқ. Полицейлер жәбірленушіні іздестіріп жатыр. Тергеу барысы Алматы қалалық ПД басшылығының бақылауында", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу