Алматының Түрксіб ауданында пайдаланылмайтын қойма ғимаратының шатыры өртенді. Өртті құтқарушылар толық сөндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
112 пультіне қойма ғимаратынан түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жедел жетті.
Құтқарушылар келген кезде ЖШС аумағында орналасқан жеке тұрған бір қабатты, пайдаланылмайтын қойманың шатырында өрт шыққаны анықталды.
Өрт ошағына жету үшін мамандар авариялық-құтқару құралдарының көмегімен шатырды ашқан. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, өртті сөндіруге судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді.
Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.