Алматыда полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кетті

1099

Жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды.

Алматыда полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кетті

Алматы қалалық Полиция департаменті таратқан мәлімет бойынша 
 14 маусым сағат 07.00-де Алатау ауданында Т.есімді полиция қызметкері "Хюндай элантра" маркалы қызметтік көлікті тізгіндеп, Махамбет Өтемісұлы көшесімен оңтүстік бағытта жүріп келе жатқан. Сол сәтте маневр жасай бастаған көлікпен соқтығыспау үшін, тәртіп сақшысы автокөлік жуу орнының шығыс жағына қарай өтіп, сол жерде жаяу жүргіншіні қаққан, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Сол жерде полиция қызметкері С.есімді азаматты қағып кетті, сондай-ақ, жанында тұрған "Газель" автокөлігін соқты. Оның ішінде жүргізушісі болмаған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші қайтыс болды.  Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 345 бабы, 3 бөлімі бойынша тіркелді.  Қылмыстық істі Алматы қалалық ПД анықтау басқармасы жүргізуде.  Жүргізушіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде", – деп жазылған қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу