Алматыда полиция жолаушы тасымалдайтын автобустарды тексеруде

1728

Полицейлер жолдағы қауіпсіздікті күшейтпек.

Алматыда полиция жолаушы тасымалдайтын автобустарды тексеруде

Алматыда полиция қызметкерлері жолаушылар тасымалдайтын автобустарды тексеріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Автобус" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жолаушыларды тасымалдайтын көлік компанияларының жұмысы тексеріледі.
Мақсат – автобустардың техникалық жағдайын тексеру.

"Біз жолаушылар мен жүк тасымалдайтын жүргізушілердің еңбек тәртібін жақсарту, техникалық ақауы бар немесе қайта жабдықталған көліктерді пайдалану дерегін алдын алу, заңсыз жолаушылар тасымалының жолын кесуді көздеп отырмыз", - деді Алматы қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Нұрлан Аманбек. 

Полицияда автобус жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін бұзатынын, салдарынан жол апаты жиі болатынын атап өтті.

Биыл қаңтарда автобус жүргізушілерінің кінәсінен қалада 35 жол апаты болған, 2 адам қаза тауып, 38 адам жарақат алған.

"Бүгінде Алматыда жолаушылар тасымалдайтын көлік компаниялар саны айтарлықтай қысқарды. Алайда олардың басшылары тарапынан жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылданбай отыр... Осыған байланысты жүргізуші құрамының көлік тәртібін тиісті бақылауда ұстамағаны үшін 4 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Нұрлан Аманбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу