Алматыда семсерлесуден Қазақстан Спартакиадасы басталды

992

Ел Спартакиадасына ұлттық құрама мүшелері тегіс қатысуда.

Алматыда семсерлесуден Қазақстан Спартакиадасы басталды

Бүгін Алматыда семсерлесуден Қазақстан Спартакиадасын басталды. Спартакиадаға жалпы есебі 9 аймақтан спортшылар қатысуда, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ел Спартакиадасына ұлттық құрама мүшелері де тегіс қатысуда. Жарыстың алғашқы үш күнінде семсерлесушілер өзара кім мықтыны анықтайды. Семсерден ерлер арасындағы бәсекеде 33 спортшы бақ сынамақ. 

Спортшылар тартысы аяқталған соң, рапирадан ерлер мен әйелдер арасындағы және командалық сындағы жеңімпаздар есімі белгілі болмақ. 

Ал Спартакиаданың қалған үш күнінде семсерлесу спортындағы ең маңызды қару саналатын шпагадан тартысты бәсеклер өтпек. 

Семсерлесуден Қазақстан Спартакиадасы 20 сәуір күні аяқталады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу