Алматыда сероз менингитіне шалдығу оқиғасы тіркелді

1027

Алматыда сероз менингитіне шалдығу оқиғасы тіркелді

Алматы қаласындағы №165 мектеп-лицейінде сероз менингитіне шалдығу оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне сілтемемен 24.kz.

2018 жылы 24 мамырда №165 мектеп-лицейі оқушыларының арасында сероз менингитіне шалдығудың бір оқиғасы тіркелді, диагноз клиникалық тұрғыда қойылды, ал зертханалық сараптамалардың нәтижелері шығарылып жатыр. Қайталану оқиғасы тіркелген жоқ, тұрғылықты жеріндегі байланыста болғандарға медициналық бақылау қойылды, ал мектеп оқушылары 25 мамырдан бастап жазғы демалыста.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментіндегілердің айтуынша, 2018 жылдың 25 мамырындағы жағдай бойынша, менингококтық жұқпаға шалдығу күдігімен инфекциялық станционарларға 50-ден аса адам барған. Дәрігерлерге барғандардың 23-інде диагноз зертханалық түрде расталды, 6 адамда клиникалық негізде қойылып, барлығына ем тағайындалды, 3 науқас денсаулығының жақсаруына байланысты үйіне жіберілді. Бұл дерттен 4 адамның қайтыс болу оқиғасы тіркелді. 

Сероз менингиті энтеровирустардың жұғуы салдарынан болады. Ауру дене қызуының 38-40 градусқа дейін жоғарылауынан басталады, әлсіздік болып, бас ауырады, жүрек айнып, құсады, көз қарлығады. Бұл белгілермен қоса жүрек, іш, бұлшық ет, тамақ ауыруы мүмкін, ұшық шығуы да ықтимал. Кей жағдайда жоғарғы тыныс алу жолдарында қабынба әсерлер болуы мүмкін, тұмау, жөтел. Ауруға шалдығудың 1-2 күнінде бөртпе пайда болады, көбінесе қолда, аяқта, ауыз қуысында, ол 24-48 сағат бойы жүріп (кейде 8 күнге дейін), кейін ізсіз жоғалып кетеді.

"Бұл белгілер пайда болған сәтте бірден дәрігерге бару керек, кетіп қалады деп, өздігінен емделіп, күтудің қажеті жоқ", – деп кеңес берді дәрігерлер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу