Алматыда шағын аудан тұрғындары жаңа су құбыры арқылы сумен қамтамасыз етіледі

461

Наурызбай ауданындағы "Ақжар" шағын ауданында жалпы ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын құбырларды қысымға сынау жұмыстары басталды. 

Алматыда шағын аудан тұрғындары жаңа су құбыры арқылы сумен қамтамасыз етіледі Фото: inform.kz

Бұдан кейін су сору станциясы мен су құбырының жаңа тармағы кезең-кезеңімен қосылады.

Осылайша, шағын ауданда тұратын 22 мыңнан астам тұрғын жер асты су көздерінен үздіксіз су алады. 

Су құбыры "Ақжар" ықшамауданындағы магистральдық су құбыры және кәріз желілерін салу бағдарламасы аясында тартылды.
Жобада 28,8 шақырымды құрайтын инженерлік желілердің құрылысы қарастырылған. Олардың жұмысы аяқталуға жақын.

Қала билігі Наурызбай ауданының инженерлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстарын жалғастыруда. Қазір ауданда жалпы 130 шақырым су құбыры және 65 шақырым кәріз желісі тартылды.

Қарғалы өзеніндегі жаңа сүзгі станциясының құрылысы аяқталуға жақын. Ақсай өзенінде 2025 жылға дейін осындай сүзгі станциясының құрылысы аяқталады. Бұл Наурызбай ауданының 150 мың тұрғынын тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу