Алматыда шетелде тіркелген көліктердің қатысуымен 50 ірі жол апаты орын алған

769

Салдарынан бір адам қаза тауып, тағы 59 адам жарақат алды. 

Алматыда шетелде тіркелген көліктердің қатысуымен 50 ірі жол апаты орын алған

Алматы жолдарында шетелде тіркелген көліктердің қатысуымен 50-ден аса ірі жол апаттары орын алған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Наурызбай ауданында адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы болды. РФ тіркелген ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі, 2001 жылы туған О. есімді азамат Карьерная көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, қарама-қарсы бағыттағы жолаққа шығып, КамАЗ көлігімен соқтығысты. Осы оқиға салдарынан ВАЗ жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Бостандық ауданында ауыр жағдайға әкелген тағы бір жол-көлік оқиғасы орын алды. Ресейде тіркелген Infiniti көлігінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылымен келе жатып, темір тұлпарын басқара алмай қалған. Кейін ол бөгетке соқтылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік жолаушысы ауыр жарақат алды. Жүргізуші қылмыстық жауапкершілікке тартылды", – деді Алматы қалалық ПД басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков. 

Еске сала кетсек, елімізде Ресейде тіркелген көліктерге тексеріс жүріп жатыр. Жол көлік ережесін бұзған жүргізушілердің темір тұлпарлары айыппұл тұрағына қойылуда. Ал Алматыда Ресейде тілкелген көліктердің қатысуымен 60 мыңға жуық жол ережесін бұзу фактісі тіркелген. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу