Алматының жыныстық қордасында Өзбекстан азаматшалары ұсталды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Жеңіл жүрісті, ойнасқорлығы бар қыздарды полицейлер "Құқықтық тәртіп" Республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында анықтады.
"Қонақ үй кешендерінің бірінде интимдік қызмет көрсететін әйелдер ұсталды. Олардың арасында Өзбекстанның екі азаматшалары бар. ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ шетелдік әйелдер орналастырылды. Сонымен қатар, ғимарат иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы бойынша материал жиналды", – деп мәлімдеді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
Еске сала кетейік, 20-30 қараша аралығында құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын күшейту және көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында қалада кең ауқымды “Құқықтық тәртіп” іс-шарасы өткізілді.