Алматыда спидвейден әлем чемпионаты өтуде

721

Қазақстан намысын Владимир Чеблоков, Денис Слепухин, Сергей Серов қорғамақ. 

Алматыда спидвейден әлем чемпионаты өтуде

Алматыдағы "Медеу" мұз айдынында спидвейден Әлем чемпионаты өтуде, деп хабарлады авто спорт федерациясының баспасөз қызметі. 

Биылғы додада Аустрия, Германия, Недерланд, Ресей, Чехия, Швеция мен Қазақстанның үздік мотоспортшылары бақ сынауда. Сонымен қатар жарыс қатысушыларының қатарында өткен жылы Әлем чемпионы атанған Даниил Иванов пен екінші және үшінші орын иелері ресейлік Дмитрий Колтаков пен Динар Валеев бар. Ал Қазақстанның намысын Владимир Чеблоков, Денис Слепухин мен жас спортшы Сергей Серов қорғамақ. 

Бұл ретте  FIM тректік комиссиясының директоры Армандо Кастанья "Медеу" мұз айдынының жаһандық спорт талаптарына сай келетінін мәлімдеді.  

"Биылғы жылы біз жарысымызды Қазақстанның ең әдемі мұз айдындарының бірі  "Медеуде" өткізудеміз. Доданы Нидерландының Херенвен қаласында аяқтаймыз. Барлық қатысушыларға жақсы нәтижелер, ал көрірмендерге ұмытылмас көңіл-күй тілеймін", – деді Армандо Кастанья . 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу