Алматыда су басудың алдын алу және жою мақсатында кезекшілік ұйымдастырылды

634

Құтқару қызметіне 20-дан астам хабарлама келіп түскен.

Алматыда су басудың алдын алу және жою мақсатында кезекшілік ұйымдастырылды

Еске сала кетсек, 2022 жылғы 11 мамыр сағат 14:40-тан бастап Алматы қаласында қатты жауын-шашын басталды, деп жазды inbusiness.kz.

Су басудың алдын алу және жою мақсатында мегаполис әкімдігіне қарасты мердігерлік ұйымдардың кезекшілігі ұйымдастырылды. 

"Суды кедергісіз ағызу және бұрғылау бойынша жұмыстарды жүргізу үшін жалпы саны 609 адам, 252 бірлік арнайы техника және 24 мотопомпа жұмылдырылды. Құм салынған 2050 қап дайындалды. "Қазгидромет" РМК болжамына сәйкес, бүгін түнде де қатты жаңбыр жауады, алдағы үш тәулік ішінде үзіліспен жауын-шашын болады деп күтілуде", – деп хабарлады Алматы әкімдігі. 

Айта кететіні, Алматыда құтқару қызметіне су басу бойынша 20-дан астам хабарлама келіп түскен. 

"Жетісу ауданында Жангелдин, Брюсов, Зубарев, Крылов көшелері бойындағы жиі су басатын учаскелер мердігерлік ұйымдардың бақылауына алынып, инертті материалдары бар қаптар салынды", – деп хабарлады ТЖД. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу