Алматыда субұрқақтар 1 мамыр күні іске қосылады

244

Шаһарда 60 фонтан іске қосылады. 

Алматыда субұрқақтар 1 мамыр күні іске қосылады Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігінің мәліметінше, қалада 66 коммуналдық субұрқақ бар. Оның алтауы жаңартылып жатыр, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

"Одуванчик", "Аққу", "Қызғалдақ" субұрқақтары мен Орталық мемлекеттік мұражайы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театры алдындағы фонтандарға жөндеу жұмыстары жүріп жатыр",- деп хабарлады қалалық әкімдіктен.

"Алматы – ортақ үйіміз" акциясы аясында субұрқақтардың тостағандарын, түбін, қабырғаларын тазарту және гранитті плиталарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

"Мамандар субұрқақтардың сәндік элементтерін сырлап, электр жабдықтары мен сорғыларын, электр желілерін, суық сумен жабдықтау және кәріз жүйесін тексерді. Коммуналдық қызмет көрсетушілермен сумен жабдықтау және электрмен жабдықтау жүйелері қайта іске қосылды. Дайындық жұмыстары барысында апатты аймақтар да анықталды, қазір су және электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары аяқталып қалды", - деп атап өтті Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әрбір фонтанда қауіпсіздікті сақтау мақсатында шомылуға болмайтыны туралы тақтайшалар орнатылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу