Алматыдағы ауруханада ешбір жақыны іздеп келмеген 2 жасар баланың әжесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Полицейлер бүлдіршіннің әжесін іздеп тапты. Баланың есімі Тәңірберген Тілепбаев екені анықталған.
Баланың ауруханада жатқанына алты ай болған. Оны ешкім іздеп келе қоймаған. Баланың есікке жаутаңдап қарап, біреуді күтіп отырған видеосы әлеуметтік желілерде тарап, жұрттың жүрегін ауыртқан еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу