Алматыда тағы 707 "Сергек" орнатылады

601

ПД өкілдерінің пікірінше, мұндай постылардың көп болуы көлік жүргізушілердің "тәртібін түзейді". Айыппұл төлеу кезінде адами фактор жойылады. 

Алматыда тағы 707 "Сергек" орнатылады

Алматыда жыл аяғына дейін "Сергек" фото-видеофиксациясының тағы 707 данасы қосымша орнатылады. Олардың 400-і қиылыстарға, ал 307-і жол жиегіндегі желі учаскелеріне орнатылмақ, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жаңа технологияны пайдалану қылмыстың ізін суытпай, жедел ашуға ықпал етеді.

ПД өкілдерінің пікірінше, мұндай постылардың көп болуы көлік жүргізушілердің "тәртібін түзейді". Айыппұл төлеу кезінде адами фактор жойылады. Тәртіп бұзушылық автоматты түрде бірден мәліметтер базасына түсіп, көлік иесіне жіберіледі.

Еске салсақ, бұл жүйе биылғы жылдың наурыз айына дейін 8 ай бойы"тестілік" режимде сыналған еді. Осы кезең ішінде қаланың барынша қауіпті аймақтары анықталып, енді "Сергек" сол жерлерге орнатылады.

Айта кетерлігі, Нұр-Сұлтанда "Сергекті" қолдану оның тиімді екенін көрсетті. 2017 жылмен салыстырғанда жолдағы өлім екі есе төмендеген. Астана жолдарында егер 2017 жылы ЖКО-дан 60 адам көз жұмса, 2018 жылы 34 адам бақилық болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу