Алматыда такси жүргізушісінің жүрегі тоқтап, жаппай жол апаты тіркелді

Жол-көлік оқиғасы сағат 11:30 шамасында болған.  

Алматыда такси жүргізушісінің жүрегі тоқтап, жаппай жол апаты тіркелді Фото: zakon.kz

Алматы қаласы Әл-Фараби даңғылы Нұр-Мүбарак мешіті маңындағы апаттан бірнеше көлік зақымданған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Болжам бойынша, BYD такси көлігінің жүргізушісінің жүрегі рөлде келе жатқанда тоқтаған.

Zakon.kz сайты басқарусыз қалған көліктің жанында келе жатқан Ford Focus, Chevrolet Monza, Subaru Impreza, Volkswagen Golf автокөліктері мен №127 бағыттағы қалалық автобусқа соғылғанын жазады.

Алматы қалалық полиция департаменті жол-көлік апатының себебі жүргізуші денсаулығының күрт нашарлағанынан болғанын растады.

Оқиға салдарынан даңғылда үлкен кептеліс туындады. Ол Ходжанов көшесіне дейін созылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу