Алматыда тепловоз адамды басып кетті

1031

Ер адам аяғынан айырылды.

Алматыда тепловоз адамды басып кетті

Қайғылы оқиға желтоқсанның 21-і күні кешкісін Алматыдағы Райымбек даңғылы мен Байзақов көшесі қиылысында болған. Темір жол өткелі үстінде өтіп бара жатқан ер адамды тепловоз басып кеткен, деп хабарлайды 24.kz.

Ер азамат аяғынан айырылған. Зардап шеккен кісінің көмек сұраған дауысын естіген өзге адамдар жедел жәрдем шақырып, оны жергілікті ауруханаға жеткізген. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу