Алматыда терминалды өшіріп, жолақыны қолма-қол алып отырған жүргізушілер анықталды

1015

"ОҢАЙ" сервис орталығына терминалдардың бұзылғандығы жөнінде ешқандай арыз түспеген.

Алматыда терминалды өшіріп, жолақыны қолма-қол алып отырған жүргізушілер анықталды

Алматыда автобуста электронды төлемге арналған терминалдың істемеуіне қатысты жолаушылардан шағым түскен. Тесеру барысында, "АвтоТрансГаз" ЖШС қызмет көрсететін №16 бағыттағы автобустардың терминалы қолдан өшірілетіні анықталған, деп хабарлайды almaty.tv.

"Көлік холдингі" қызметкерлері жүргізген тексеру барысында, аталған бағыт жүргізушілері терминалдарды өз беттерінше өшіріп тастап, жолаушылардан қолма-қол ақша алып отырған, ал "ОҢАЙ" сервис орталығына терминалдардың бұзылғандығы жөнінде ешқандай арыз түспеген.

"АвтоТрансГаз" ЖШС басшысы Бауыржан Күлішевке келеңсіз оқиға туралы ескертілді, егер тәртіп бұзушылық тағы да қайталанатын болса Алматы қаласының мобилділік басқармасы бағыт бойынша қызмет көрсету келісімін бұзуға дейін тиісті шара қолданатын болады", – делінген таралған ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу