Алматыда "Терра" алаңқайында жоғалған 5 жас табылды

305

Жастармен байланыс үзілгеннен кейін туыстары құтқарушылардан көмек сұраған.  

Алматыда "Терра" алаңқайында жоғалған 5 жас табылды Фото: Бейнежазбадан

Алматыда "Терра" алаңқайы аумағында байланыссыз қалған бес жас құтқарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Туыстарының өтініші бойынша қалалық Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары іздеу жұмыстарын жүргізген. Жастармен байланыс үзілгеннен кейін туыстары алаңдаушылық білдірген.

Іздестіру барысында құтқарушылар бес жасты шатырдан тапты. Олардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмаған.

Құтқарушылар жастарды көліктері тұрған "Алмарасан" Өтпелі шатқалы алдындағы автотұраққа дейін алып барды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу