Алматыда толассыз жауған жаңбырдан көшелерді су басты. Азаматтар әлеуметтік желіде ауа райының қолайсыздығы салдары туралы түсірілген кадрлармен бөлісуде. Оның ішінде Алтынсарин даңғылы мен Жандосов көшесінің қиылысында өртеніп жатқан троллейбус кадрлары бар, деп жазды inbusiness.kz.
Жаңбыр 24 маусым сағат 14:30 шамасында басталды. Артынан қатты жел тұрып, салдарынан көліктер мен ғимараттар зардап шекті. Осы уақытта Алтынсарин даңғылы мен Жандосов көшесінің қиылысында троллейбус өртенген.
"Сағат 14.55-те 12-бағыттағы троллейбус жүргізушілері Жандосов-Алтынсарин бойында қоғамдық көліктің шатыры өртенгені туралы хабарлама түсті. Жүргізуші нұсқаулыққа сәйкес әрекет етіп, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, шара қолданып, өрт сөндіру бөлімшелері келгенше троллейбусты өз бетінше сөндірді", – деп хабарлады АлматыЭлектроТранс.