Алматыда троллейбус өртенді: зардап шеккендер жоқ

585

Құтқарушылар келгенге дейін қоғамдық көліктегі жолаушылар сыртқа өздігінен шығып үлгерген.  

Алматыда троллейбус өртенді: зардап шеккендер жоқ Фото: Видеодан скриншот

Бүгін таңертең Алматы қаласы Әуезов ауданы Бауыржан Момышұлы мен Марғұлан көшелерінің қиылысында жолаушылар троллейбусының төбесіндегі электр сымдары жанды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнына өрт сөндіру есептоптары дереу жетіп, өрт сөндіру оқпандарын берді.

ТЖМ күштері жануды толығымен сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу