Байтұрсынов пен Тимирязев көшелерінің қиылысында троллейбус жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты бүгін, 13 қаңтар күні сағат 17:50-де Бостандық ауданында болды.
– №11-троллейбустың жүргізушісі Тимирязев көшесімен батыс бағытта Байтұрсынов көшесінен батысқа қарай келе жатып, жаяу жүргіншіні, 2003 жылы туған жас жігітті қағып кеткен. Өкінішке қарай, ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, – деді полицияның ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Адам өліміне әкеп соқтырған жол апаты бойынша қымыстық іс қозғалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу