Алматыда түнде болған жол апатында 21 жастағы азамат қаза болды

564

Алматыда 19 мамырда түнгі сағат 23:45 шамасында болған жол апатынан 21 жастағы жолаушы қаза тапты. Көліктің жүргізушісін қосқанда тағы төрт адам жараланып, ауруханаға жеткізілді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме беріп.

Алматыда түнде болған жол апатында 21 жастағы азамат қаза болды

Ақпаратқа қарағанда, көлік жүргізушісі де 21 жаста. Ол Әл-Фараби даңғылында Toyota Gracia маркалы көліктің тізгініне ие бола алмай, бетон жиекке соғылады. Артынша инерциямен бір бағытта бара жатқан Chevrolet маркалы көлікті қағып, билбордтың металл тірегіне соғылады.

Chevrolet маркалы көліктің рөлінде 1994 жылы туған азамат болғаны ғана айтылады. Одан өзге ақпарат әзірге берілмеді.

Бұл жол апаты бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігі "көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адам өліміне әкеп соққан бұзуы" бойынша тергеп-тексеру жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу