Алматыда тұрғын үй күзетшісін аяусыз ұрып өлтірген азаматқа қатысты іс сотқа жетті

267

Сот отырысы әлі тағайындалмады. 

Алматыда тұрғын үй күзетшісін аяусыз ұрып өлтірген азаматқа қатысты іс сотқа жетті Фото: Бейнежазбадан

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық сотына тұрғын үй  кешендерінің біріндегі күзетшіні өлтіру дерегіне қатысты қылмыстық іс келіп түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сотталушы Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігінің 5) тармағы (аса қатыгездікпен кісі өлтіру) және 147-бабының 5-бөлігі (адамның жеке өмірі туралы ақпаратты оның келісімінсіз тарату) бойынша айыпталып отыр. 

"Бірінші эпизод бойынша сотталушы 2024 жылдың наурыз айында Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің күзетшісін өлтірді деп айыпталуда. Сонымен қатар тергеу сотталушыны өзінің танысы А-ға қатысты әлеуметтік желілер арқылы интимдік сипаттағы бейнероликтерді таратқаны үшін айыптайды", – делінген хабарламада.

Айта кету керек, осыған дейін Алматыдағы "Меркур Таун" тұрғын үй кешенінде болған оқиғадан соң 42 жастағы азамат қаза тапқанын жазғанбыз. Марқұмның артында 3 баласы қалды. Ер адамды өлтірді деп айыпталған бұзақы депутаттың ұлы болып шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу