Алматы қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті А.Абдуллаев бастаған ұйымдасқан қылмыстық топтың 5 мүшесі 2018 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде оның бақылауындағы 15 компания мен 170-тен астам жеке кәсіпкердің банктік шоттары арқылы жүйелі негізде 11,7 млрд теңгені "қолма-қол ақшаға айналдырғанын" анықтады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сот үкімімен ұйымдастырушы мен ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушыларының бірі кінәлі деп танылып, жалпы режимдегі колонияда 6 және 7,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды.
Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының аясында осы қылмысқа қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтың тағы үш мүшесіне халықаралық іздеу жарияланған.
"Ойдан шығарылған мәмілелер мен қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру кезінде, ел бюджеті төленбеген салықтар түрінде миллиардтаған соманы алмайды. Экономикалық қылмыстың бұл түрі Мемлекеттік әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға, зейнетақы, жәрдемақы төлеуге, жолдар, ауруханалар мен мектептер салуға септігін тигізеді. Егер, сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, ұрлау немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілерін білсеңіз, бұл туралы "АФМ Insider" телеграм-ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі", - делінген хабарламада.