Алматыда ұландықтар есінен танып қалған ер адамды құтқарып қалды

257

Жауынгерлер мұрыннан аққан қанды тоқтатып, ер адамды дәрігерлерге тапсырды.

Алматыда ұландықтар есінен танып қалған ер адамды құтқарып қалды Фото: ҚР Ұлттық ұланы телеграм

Алматыда Ұлттық ұланның әскери қызметшілері көшеде есінен танып қалған ер адамға көмек көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиғаны байқаған 5571 әскери бөлімінің жасақ бастығы, қатардағы Азамат Бөкенов пен патрульшілер Нұрасыл Нұрлан және Ахмет Тынышық бірден көмекке кіріскен. Олар жедел жәрдем шақырып, ер адамды абайлап орындыққа отырғызған.

Сарбаздар алғашқы көмек қобдишасындағы құралдарды пайдаланып, оның мұрнынан аққан қанды тоқтатқан. Кейін ер адамды оқиға орнына келген жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу