Алматыда Ұлы Отан соғысының 100 жастағы ардагері қайтыс болды

204

Ардагерді жерлеу рәсімі "Кеңсай" зиратында барлық әскери құрмет көрсетіліп өтті. 

Алматыда Ұлы Отан соғысының 100 жастағы ардагері қайтыс болды Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагері Шәңгерей Жәнібековпен қоштасу рәсімі өтті. Рәсім майдангер тұрған үйдің маңында өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс-шараға "Қарулы Күштердің ардагерлері" РҚБ Алматы филиалының төрағасы, отставкадағы полковник Төлеген Мұстафин, Алматы гарнизонының, Медеу ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері, Қазақстан Қарулы күштерінің ардагерлері қатысты.

Шәңгерей Жәнібеков 1924 жылы 15 маусымда Қостанай облысы Денисов ауданы Қарпық ауылында дүниеге келген. Ерте жасында жетім қалып, туыстарының қолында өскен.

Қостанай медициналық училищесінде білім алып, 1942 жылы әскери фельдшер ретінде Кеңес армиясының қатарына шақырылды. Жараланған сарбаздарға медициналық көмек көрсетіп, Брянск, Степный және Екінші Украин майдандары қимылдарына қатысты.

Ардагер Белгород, Харьков, Полтава, Кременчугты азат етуге, сондай-ақ, Корсун-Шевченков және Ясско-Кишинев операцияларына қатысты. Румыния, Венгрия, Чехословакия және Аустрия аумағындағы неміс-фашистік әскерлерге қарсы шайқастарға қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу