Алматыда Универсиада-2017 дирекциясының қызметкері қайтыс болды

963

Алматыда Универсиада-2017 дирекциясының қызметкері қайтыс болды

Кеше кешке "Сұңқар" халықаралық шаңғы трамплиндер кешенінде Универсиада-2017 дирекциясының қызметкері Бауыржан Рафиков қайтыс болды, деп хабарлайды Baq.kz.

"Жұмыс аяқталар кезде бір қызметкеріміз аяқ астынан есінен танып, құлап қалды. Осы жердегі дәрігер алғашқы медициналық көмек көрсеткен болатын. Жедел жәрдем де келіп жетті. Өкінішке қарай, ешқандай нәтиже болмады. Дәрігерлер болжамы бойынша, Бауыржан Рафиковтың өлімі жүректен болған. Өз атымнан және Дирекция атынан оның туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтамыз" , – деді Универсиада-2017 дирекциясының директоры Наиль Нұров.

Оқиға орнына ІІД мен прокуратура қызметкерлері барған. Бауыржан Рафиковтың нақты қалай қайтыс болғанын сот-медициналық сараптамасы анықтайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу