Алматыда үш автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

829

Зардап шеккендер бар. 

Алматыда үш автобус пен жеңіл көлік соқтығысты Фото: видео скриншот

Алматыда Райымбек даңғылының бойында ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбадан полиция қызметкерінің бір адамды көтеріп алғанын және автобустан жолаушылардың түсіп жатқанын көруге болады.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты бүгін, 13 ақпанда сағат 09:00 шамасында Райымбек даңғылында болды.

"Райымбек даңғылымен келе жатқан №54-бағыттағы қоғамдық көліктің жүргізушісі алдында қозғалып бара жатқан №133-бағыттағы автобуспен және Nexia маркалы машинамен соқтығысқан. Осы кезде 133-ші автобус инерция салдарынан сол бағытта келе жатқан №88-ші қоғамдық көлікке соғылды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді", - деп хабарлады полициядан.

Ведомстводан атап өткендей, жол апатына ұшыраған үш қоғамдық көлік жеке тасымалдаушыларға тиесілі.

"Жол -көлік оқиғасына қатысты деректі Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тексеріп жатыр. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда", - деп хабарлады қалалық полиция департаментінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу