Қала әкімдігінің хабарлауынша, басты мақсат - үнділік "дельта" штамының циркуляциясы аясында эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы салдарынан қалалықтардың өмірі мен денсаулықтарын қорғау үшін вакциналау қарқынын арттыру.
Сондай-ақ өткен тәулікте Алматыда барлығы 12 275 адамға вакцина салынды. Барлық кезеңде 450 мыңға жуық алматылық вакцинадан өтті.
"Тұрғындар тарапынан қызығушылық өте жоғары, күн сайын бізге вакцина алу үшін 200-ден 250-ге дейін адам келеді, қазіргі кезде біз 4000-ға жуық адамға вакцина салдық. Вакциналар мұздатқыш камераларда сақталады, мысалы, Спутник V вакцинасының дозалары -18 ден -24 дейінгі температурада, қазақстандық вакцина +2 +8 градус Цельсийде сақталады", - дейді №18 қалалық емхананың терапевті Сымбат Бердібек.
Мегаполистегі эпидемиологиялық ахуал барынша тез тарағыш мутацияланған "дельта" штамының салдарынан ушығуда. Соңғы аптада коронавируспен аурушаңдық 1,7 есеге өсті. Мәселен, өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның 253 жағдайы анықталды. Соңғы аптада белгілері бар КВИ бар науқастардың үлесі 32%-дан 53%-ға дейін өсті. Бұл мәліметтер дельта штаммының COVID-19 патогендігінің жоғары екендігін көрсетеді. Эпидемиологтардың айтуы бойынша, дельта штаммы өте жұқпалы және анықталған штамдарға қарағанда 60%-ға көп жұқтырады.