Алматыда XIV халықаралық Еуразиялық фармацевтикалық форум өтеді

567

Шара 28 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтеді.  

Алматыда XIV халықаралық Еуразиялық фармацевтикалық форум өтеді Фото: egemen.kz

Форум алаңында талқылаудың негізгі тақырыптары: Еуразия фармацевтикалық нарықтарын жаңа шындыққа бейімдеу тәжірибесі, Қазақстан Республикасының фармацевтикалық қызметін реттеудегі басты өзгерістер, ЕАЭО және ТМД елдерінің фармацевтикалық өнеркәсібі үшін ынтымақтастық ландшафтын өзгерту, дәрілік саланы бағалық реттеу, дефектураның алдын алу, инновациялық дәрілік препараттар нарығына қолжетімділік жайы талқыланбақ, деп жазады inbusiness.kz.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен өткізіледі.

Форумға сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның, Беларусь Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Өзбекстан Республикасы Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің Фармацевтика саласын дамыту агенттігінің, Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Академик Э. Габриелян атындағы дәрілік заттар мен медициналық технологияларды сараптау ғылыми орталығының өкілдері және т.б. қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу