Алматыда жаңа туған нәрестесін тастап кеткен әйел ұсталды

367

Баланың анасы медициналық көмекті қажет еткен. 

Алматыда жаңа туған нәрестесін тастап кеткен әйел ұсталды Фото: Depositphotos.com

Алматыда жаңа туған баласын тастап кеткен әйелдің жеке басы анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Әйел ұсталып, медициналық көмек алу үшін қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Қауіпті жағдайда баланы тастап кету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр", – делінген хабарламада.

Айта кету керек, осыған дейін Алматыда әйел жаңа туған сәбиін көпқабатты үйдің кіреберісіне тастап кеткенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу