Онда жолдан өтпек болған 15 жастағы баланы жүргізушінің қағып кеткенін байқау қиын емес, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиғадан соң оның көлігін қайта мініп, қашып кеткені таспаға түсіп қалған. Қазіргі уақытта жасөспірім ауруханада ем қабылдап жатыр.
Алматы қаласы Полиция департаменті бұл фактіны растады және жүргізушіні іздеп жатқанын хабарлаған.
– Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен, қазіргі уақытта оны ұстау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Алмалы ауданының полиция қызметкерлері тергеуді бастады, – деді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.
Зардап шеккен баланың туған-туыстары "тергеу ұзаққа созылып кете ме?" деп алаңдайды. Сол себепті, оқиға куәгерлері мен қандай да бір ақпарат білетіндерді хабарласуға шақырып отыр.