Алматыда жасөспірімді көлік қағып кетті

527

Бағдаршам жанында көлік қағып кеткен жасөспірім алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. 

Алматыда жасөспірімді көлік қағып кетті Фото: uralskweek.kz

16 жасар жасөспірім бағдаршамның жасыл түсімен жолды кесіп өтпек болғанда, көлік жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, баланы қағып өлтірген. Жәбірленуші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Оқиғаға куәгер болған марқұм жасөспірімнің туыстары көлік жүргізушісін ұрып-соғып, көлігін талқандаған. Полиция қылмыстық іс қозғады.

"Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді Алматы полициясының баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу