Алматыда жеңіл көлік пен пойыз соғысты

1039

Алматыда жеңіл көлік пен пойыз соғысты

Алматыда жеңіл көлік пойызбен соғысты. Бұл жайында "ҚТЖ - Жүк тасымалы" АҚ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Сағат 4:19-да Алматы-1-Алматы-2  аралығында сағатына 30 шақырым жылдамдықпен келе жатқан жүк пойызының машинисі темір жолда тосыннан Hyundai Accent көлігінің шыға келуі салдарынан шұғыл тежегіш басуға мәжбүр болды. Ара қашықтық тым жақын болғандықтан соқтығысу орын алды. Зардап шеккендер мен қаза тапқан жоқ. Пойыз сағат 05:34-те қайта жолға шықты. Тепловоз бен локомотив бригадасы "ТТТ Сервис" ЖШС-не тиесілі", - делінген хабарламада.

Компания мәліметінше, аталған учаскеде көліктердің темір жолды кесіп өтуге рұқсат етілген бөлігі жоқ. Жеңіл көлік жүргізушісі Жол қозғалысы ережесін бұзып, темір жолға шығып кеткен.  Соның салдарынан пойызбен соғысқан.

"Аталған оқиға тергелуде. Темір жол штаттық режімде жұмыс істеп тұр", - деп атап өтті компаниядан.

Жалпы жыл басынан бері пойыз машинистері темір жол бойына шығып кеткен көліктерді, адамдарды қағып кетпеуі үшін 2 мыңнан астам рет шұғыл тешегіш басқан. Оның 90 пайызында локомотив бригадасының біліктігінің арқасында қайғылы оқиғалар орын алмаған.  Темір жол бойында жыл басынан бері 9 апат орын алды. Барлық апаттарға жеңіл көлік жүргізушілері кінәлі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу