Алматыда жігітпен бірінші кездесуге шыққан қыз қаза тапты

2062

Жұдырығын ала жүгірген жігіттен қорыққан қыз полиция шақырған, бірақ құқық қорғау органдары келіп үлгермеген.  

Алматыда жігітпен бірінші кездесуге шыққан қыз қаза тапты Фото: freepik.com

Алматы қаласында 16 қазан күні қыздың мәйіті табылды, оқиғаның мән-жайын журналист Сандуғаш Дүйсенова айтып берді, деп жазады inbusiness.kz.

"Алматы дәмханаларының біріндегі алғашқы кездесу осындай қайғылы оқиғамен аяқталар деп кім ойлаған. Басында екеуі жап-жақсы сөйлесіп отырған, кейін жігіт ашуға беріліп, жұдырығын ала жүгірген. Қатты қорыққан қыз алдымен оны сабырға шақыруға тырысқан, ақыры полиция шақыруға мәжбүр болған.

Дәмханада отырғандар жігіт қызды күштеп далаға шығарғанын көрген, бірақ ешкім мән бермеген. Қазір сыртта не болғанын ешкім білмейді, 20 минуттан кейін келген полиция (қыздың өзі шақырған — ред.) оны өлі күйінде тапқан.

Бала кезінен еңбекқор қыз фармацевтикалық компанияның директоры қызметіне дейін көтерілген, өкінішке орай, бағындырар белесі әлі алда жастың өмірі осылай үзілді", - делінген Дүйсенованың әлеуметтік желісінде.

Сондай-ақ, журналист қайтыс болған адамның туыстарының сөздерін келтірді, олар қылмыстық іс аяғына дейін жеткізілмейді деп қорқады.

Ал Алматы полиция департаменті туыстарының алаңдаушылығын еш негіз жоқ деп отыр. Ведомство бұл факт бойынша Түрксіб ауданының полицейлері "кісі өлтіру" қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

"Осы қылмысты жасады деген күдікті - 1991 жылы туған Т. азаматы ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстық іс шеңберінде тергеудің объективтілігі, жан-жақтылығы мен толықтығы қағидаттарын қатаң сақтай отырып тергеу әрекеттері жүргізіледі. Сараптамалар тағайындалды",-деді қала ПД баспасөз қызметі.

Тергеу барысы Департамент басшылығының бақылауында екені хабарланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу