Алматыда жантүршігерлік жол апаты орын алды

432

20-дан аса адам жарақат алды.  

Алматыда жантүршігерлік жол апаты орын алды Фото: Видеодан скриншот/zakon.kz

Қаладағы Бұрындай көшесінде МАЗ маркалы кранның, №10 маршруттық автобустың және бірнеше жеңіл машиналардың қатысуымен жаппай жол апаты болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Куәгерлердің сөзінше, кран жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол үстінде Mercedes пен KIA маркалы екі көлікті соққан. Одан кейін жүйтки отырып жолдың қарсы бетіне шығып, іші жолаушыларға толы автобуспен бетпе-бет соқтығысқан.

Жарақат алғандардың барлығына медициналық көмек көрсетілді. 

"МАЗ жүк көлігінің жүргізушісі Бұрындай тас жолымен шығыс бағытта келе жатып, рөлді басқара алмай, сол бағытта бара жатқан Mercedes және Kia көліктерімен соқтығысты. Содан кейін қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Yutong автобусымен және Subaru жеңіл көлігімен соқтығысты", – деп хабарлады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.

Қазір жол полициясының қызметкерлері оқиғаның себебін анықтап жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу